• ПХВ «Карасайская районная больница» организован единый Call-центр для приема жалоб и предложений от населения
  • Государственный заказ по оказание услуг в рамках ГОБМП на 2015 год
  • Вакцинация против гепатита «В» показала свою эффективность в снижении уровня заболеваемости

Аурухана туралы

ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК – көпсалалы емдеу-профилактикалық және кеңес беру-диагностикалық ұйымы, бұл аурухана Қарасай ауданының 282 953 тұрғындары мен   қонақтарына алғашқы медико-санитарлық, стационарда шұғыл және жоспарлы көмек көрсету үшін құрылған. Орталық аурухана 1974 жылы салынып,ашылған Қаскелең қаласы Жанғозин көшесі 14-те орналасқан. Стационардың жалпы көлемі 4800кв.метр. 2014 жылы 16-желтоқсанда жалпы көлемі 10000 шаршы метр болатындай перзентхана бөлімінің құрылысы салынып, пайдалануға берілді. 2012 жылғы 25-желтоқсандағы № 427 Алматы облысы Әкімдігінің Қаулсына сәйкес «Облыстық емдеу-профилактикалық желілерін қайта құру туралы» және «2012 жылғы 27-желтоқсандағы № 564-Н Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Бұйрығымен» «Облыстық емдеу-профилактикалық желілерін қайта құру туралы» Үшқоңыр,Таусамалы, Шамалған ст. Үш ауылдық ауруханаларды, Қарасай аудандық орталық емханасы және қарасай аудандық орталық ауруханасы  бюджеттеріне орталықтандыру енгізілген.  Біздің Қарасай ауданы халқы өте тығыз орналасқан аудандардың бірі болып саналады, яғни (113,5 адамға 1 шаршы км) келеді. Алматы облысында – 259 227 адам және одан да көп. 2013 жылғы жалпы халықтың саны – Халықты тіркеу регистрі бойынша 259,2 мың адам  оның ішінде 64,2 мың қалалық жерде, 195,1мың адам ауылдық жерде тұрады.

14 жасқа дейінгі балалардың саны – 76482, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 6640, әйелдер – 106472,оның ішінде фртильді жастағы әйелдер – 62637 адамды құрайды.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы 2015 жылғы 28 шілде №332 бұйрық

Дәрігерге сұрақ қою Барлық сұрақтарды оқу