Біз туралы

Әрқайсысымыз табиғаттың бейнесінен таңғажайып нәрселерді қабылдаймыз, ол өз-өзіне бағыт бере алатын – организм болып табылады, қоршаған ортада әртүрлі өзгерістерге жақсы лайықталған. Мысалы, суықта да ыстықта да адамның ішкі температурасы сол қалпы 36,3 градус шкаласында қалады. Тек жарты градусқа ғана ауытқуы мүмкін. Ал ауырғанда температура жоғары болғандашы? Бұл біздің организміздің қорғайтын реакциясы болып табылады. Яғни, ол түрлі ауруларды қоздыратын  күреске айналады, көбісі осы қатты ыстығы көтерілгенде опат болады. «Өздігінен жану» кезінде, яғни ыстық қатты көтерілгенде адамның ішкі басқа да органдары да белсенді бола бастайды.Бірақ организм өз бетімен ауруды әрқашанда жеңуі мүмкін емес, сонда біз көмекке ауруханаға бет аламыз.

Біздің денсаулығымызға қарау үшін Қарасай ауданының емханасының білікті мамандары медициналық қызметтерді көрсетіп,көмектеседі.

Ауданымыздың денсаулық сақтауының негізгі мақсаты – 2011 жылға дейін халықтың орта жасын ұзарту жолымен 70-ке дейін жетуін жалғастыру және ана мен бала өлімдерінің болмауына ықпал жасау,онкопотология мен туберкулез ауруларының төмендеуі, скринингтік  медициналық қызмет көрсету халықтың арнаулы топтар арасында өткізілуі,жүкті әйелдерді, балаларды,жасөспірімдерді ақысыз және жеңілдетілген препараттармен 100% қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру,15-49 жас аралығындағы инфекцияның таралуын ұстап қалу, жаңа технологиялардың тәжірибесін енгізе отырып,халыққа қанағаттанарлық, сапалы медициналық қызмет көрсетуді жоғарылату.
     
Халықтың денсаулық жағдайы мемлекеттің әлеуметтік бағдарлаудың интегралды көрсеткіші,өз азаматтарының алдындағы оның жауапкершілік дәрежесі болып табылады.

Азаматтардың ұзақ мерзімді даму,нығайту,саулық бағдарлары 1997 жылы Қазақстанның даму стратегиясымен 2030 жылға дейін бекітілген. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы, денсаулық сақтаудағы қолжетімді және тиімділікті құруды бағытталған салалық жаңа тапсырмаларды алдына қоюды мақсат еткен. 2011-2015жж. арналған ҚР мемлекеттік бағдарламасы «Салауатты Қазақстан» негізінде 2010 жылғы 29-қарашада № 1113,2010 жылдың 1-қаңтарында  ҚР Президентінің Жарлығымен біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жоспары енгізілген. Осыған байланысты біздің ауданымызда стандарттарға сәйкес аккредитация өткізілген болатын, 2010 жылдың 1-маусымында  госпитализацияның бюро порталы енгізілді, 2011 жылдың 1-ақпанынан бастап ерте айқындалған ауруларды анықтауда халықты қараудағы  арнаулы скрининг топтардың саны артқан.

Қарасай ауданының емхана ұжымы берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етуде.
Қазіргі мекемені  медицина ғылымдарының кандидаты Байдувалиев Асхан Мархабайұлы басқарып отыр,өзінің ұжым арасында нақты жұмыстарды тапсыруда әр қызметкер өз жұмыстарының көлемін  анық және айқын орындауда,ал қазіргі емхананың қызмет радиусы аз емес.

Қарасай ауданында бір қалалық және он екі ауылдық округ, жетпіс елді мекен,жиырма бір дәрігерлік амбулатория,үш ауылдық аурухана, қырық медициналық мекен бар.

Емхана 1974 жылы салынған, халқының саны-259227, оның ішінде ауыл халқының саны-207119адамды құрайды.
Ауданда ересектер мен балалар үшін шұғыл және жоспарлы медициналық көмектер мына бағдарлар бойынша көрсетіледі: хирургия, гинекология, урология,жарақаттану,стоматология,офтальмология,оториноларингология, терапия, невропотология,педиатрия,эндокранология,дерматовенералогия,кардиология,психсология,онклогия.

Аудандық орталық емхананың қызметкерлеріне қатысты мұнда 746 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 213 дәрігер, орта медициналық қызметкерлер-338, кіші медициналық қызметкерлер-109, тағы басқалары-86 адам.

Емханада тіркеу бөлімі және ресепшн қызмет етеді.Тіркеу бөлімінде 60000 адамға арналған амбулаторлық карта бар,әр келушіні компьютерлік базаға енгізіп отырады, дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылып және дәрігерлер науқастардың үйіне барып кеңес беру арқылы жүзеге асады.

Аудандық ауруханада ФГДС,УЗИ,ЭКГ кабинеттері, стационарлық және жылжымалы флюорограф,рентген-кабинет,клиникалық-биохимиялық лаборатория, физиобөлімі,кольпоскопия,маммография,салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмелері, жедел медициналық көмек көрсету бөлімі мен телемедицина қызмет етеді,сонымен қатар сапалы медициналық көмектің басқарма қызметі белсенді қызмет атқарады.

Емханда науқастар үшін күндізгі стационар бөлімі жұмыс істейді, бұл бөлімде бір дәрігер, екі мейірбике еңбек етеді. Күн сайын дәрігерлердің  жолдамасымен осында ем қабылдайды. Емхананың барлық дәрігерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасына белсенді қатысып,ат салысады.

Қазіргі емхана 500 келушіге арналған,бірақ күніне орта есеппен 1270 адам келеді. Аудан бойынша  отыз терапевттік, отыз екі педиатрлық, жиырма төрт акушер-гинекологиялық бөлімшелері бар. Аудан бойынша дәрігерлерді қамтамасыз ету  17.0 құрайды ( облыстық көрсеткіш-18.9).

Соңғы екі жылда ауданымызда жас мамандардың саны көбейді. Жергілікті әкімшіліктен қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асып отырады,сонымен қатар ақшалай сыйлықтар беріліп отырады.

Әр кәсіпорын  әрқашан жас және келешегі бар мамандарды қарсы алып,болашақтарынан үміт күтетіндеріне сенім артады,яғни өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқашан өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтеруге тырысады. Аудандық емхананың ұжымы өз жұмыстарына адал жандар. Дәрігерлердің көрсеткен көмектері нәтижелі және әсерлі.
       
Емхананың болашақ жоспары – ары қарай сала қызметтерін кеңейтіп және дәрігерлік мамандардың сапасын жоғары потенциалмен есепке алу арқылы дамыту.