Ғалымдар судың артық салмақтан арылуға көмектеседі деп санайды

8 сәуір 2016

Артық салмақты тастауға тырысқан адамның қайсы болса да, белгілі бір көлемде су ішу қажеттігін біледі. Сұйықтықты көп тұтынудың да диеталық әсері бар.

АҚШ-тың Урбан-Шампейнедегі Иллиной университетінің ғалымдары су артық салмақпен күресуге жәрдемдесетінін, қанттың, тұздың майдың, холестериннің мөлшерін азайтатынын анықтады.

Зерттеу жүргізген мамандар 18 300 ересек адамға қатысты мәліметтерді талдаған. Деректер екі күнде ішіп-жеген тағамдары есебінің нәтижесін қамтиды. Рационы бойынша зерттеу қатысушылар 3-тен 10 күнге дейін есеп берген.

Ғалымдар су, шай, кофені қосқанда түрлі сусындар түрінде, сондай-ақ түрлі өнімдерден ағзаға қанша сұйықтық түскенін есептеді. Орташа әр қатысушы күніне 4 кесе таза су ішкен.

Зерттеушілер қарапайым су ішкен адамдар күн сайын 68-205 калория, 78-235 г тұз, 21 г холестерин кем тұтынатынын анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, түрлі көрсеткіштер жас жігіттер және орта жастағы ер адамдардан жиналған деректерді қосу есебінен алынғанын атап өтеді. Нақты осы екі санат басқа ересек адамдарға қарағанда, барынша көбірек калория тұтынуға бейім  екен, деп хабарлайды әлемдік БАҚ.

 Источник: inform.kz

 

ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы»