1-30-шы сәуір аралығында Республика арасында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол -көлік апатының алдын -алу бойынша айлық өтті

12 мамыр 2016

1-30-шы сәуір аралығында Республика арасында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол -көлік  апатының алдын -алу бойынша айлық  өтті. Осы орайда саламатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесі мамандарының  қатысуымен Әлімқұлов, Сәтбаев, Керімбеков, Байжанов, Жамбыл, Бәрібаев, Алтынсарин және  т.б. орта білім  беру орындарында "Жол тәртібін бұзу-сенің  өміріңе қауіпті" тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді.

Сонымен қатар  балаларға видеороликтер көрсетіліп, фото байқаулар ұйымдастырылып, диктанттар жазылы.

Бұл  шараны өткізудегі  мақсатымыз балалардың өзін көшеде қалай ұстауы керектігін, жарақаттан сақтану,  өзіне алғашқы медициналық көмек көрсету, және де дер кезінде жедел -жәрдем қызметіне хабарласу керектігін балаға  ұғындыру керетігі аитылды.