Семинар жарақат

16 қыркүйек 2016
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» ұранымен  жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі онкүндігі өтіп жатыр. 
 
Онкүндік аясында 8-қыркүйек  күні аурухананың мәжіліс залында салауатты өмір  салтын қалыптастыру кабинеті  және  жедел жәрдем бөлімінің  мамандары  бірігіп,медицина қызметкерлері үшін семинар-тренинг өткізді.Тренингке алқышқы  медико санитарлық  көмек  көрсету ұйымдарының  орта  буынды  медицина қызметкерлері, отбасылық дәрігерлер қатысты. Жедел жәрдем бөлімінің дәрігері Құрбанбаев Бахытжан, фельдшерлері   Мареева Елена, Бектұрсынов Елдос жол көлк оқиғасы  кезіндегі жарақаттармен таныстырып,алғашқы  медициналық көмек көрсету  тәсілдерін,оның  ішінде тыныс жолы жұмысын  жақсрату, қан кетуді тоқтату, сынықтарды  анықтау және таңу әдістерін тәжірбие жүзініде көрсетіп  берді.
 
 
Дәрігер валеолог Таждинова Дана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  және  статистикалық мәліметтермен танастырып, жол қолданушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатының, өлім-жітімнің санын азайту жылдамдықты арттыру, мас күйінде көлік құралын басқару және мотоцикл дулығасына, қауіпсіздік белбеуі мен балаларды ұстап тұратын құралдарға көзқарас секілді жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін 5 басты қауіп-қатер факторларын айтып берді.Семинарға барлығы -102 медицина қызметкері қатысты. 
 
 
Мәліметті әзірлеген Қарасай  аудандық ауруханасы
 дәрігер-валеологы       Таждинова Д.Б.